ШҚО-да креативті индустрияларды дамыту талқыланды

Бүгін, 16:51

«Атамекен» жанындағы кеңес отырысында атқарылған жұмыс қорытындыланып, бірлескен жобалар бағыты айқындалды.

ШҚО-да креативті индустрияларды дамыту талқыланды

30 сәуір күні, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы креативті индустрияларды дамыту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Талқылауға Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы директорының орынбасары және креативті индустрияны дамыту бөлімінің басшысы, қала әкімдігі жанындағы креативті индустрияларды дамыту орталығының мамандары, музей өкілдері және басқа да салалық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар өңірдегі креативті секторды дамыту бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, негізгі міндеттерді айқындап, алдағы өзара тиімді іс-қимыл бағыттарын белгіледі. Сондай-ақ креаторларды қолдау, ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бөлісу:

© 2026 Shygys Creative. Барлық құқықтар қорғалған.