Президент Креативті индустриялар қорына барды

Бүгін, 16:48

Жаңа кеңістікте креативті өнімді идеядан халықаралық нарыққа дейін дамыту мүмкіндіктері таныстырылды.

Президент Креативті индустриялар қорына барды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Креативті индустрияларды дамыту қоры кеңсесіне барып, отандық креативті секторды қолдау мақсатында құрылған ұйымның қызметімен танысты.

Жаңа кеңістік индустрия өкілдері, жастар мен инвесторлар үшін тартымды орталыққа айналмақ. Кеңсе шоурум форматында безендірілген, онда креативті өнімді жасау үдерісінің толық циклі — идеядан бастап оны ілгерілетуге дейінгі кезеңдер ұсынылған.

Мемлекет басшысына түрлі тақырыптық залдар, соның ішінде шеберханалар, музыкалық және fashion-кеңістіктер, сондай-ақ дәстүр мен заманауи технологияларды ұштастырған Yurt Capsule иммерсивті локациясы таныстырылды.

Қор креативті экономиканы дамыту бойынша негізгі бағыттарда жұмыс жүргізеді: таланттарды қолдау, инвестициялар тарту, инфрақұрылымды дамыту және қазақстандық өнімдерді халықаралық нарыққа шығару.

Бөлісу:

© 2026 Shygys Creative. Барлық құқықтар қорғалған.