ШҚО қолөнершілері жаңа идеяларды талқылады

Бүгін, 16:44

Музей-қорықта қолөнер бағытын дамыту және алдағы іс-шаралар туралы кездесу өтті.

ШҚО қолөнершілері жаңа идеяларды талқылады

23 сәуір күні Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығында қолөнершілердің түрлі сала өкілдерімен кездесуі өтті.


Іс-шараны Мұхамеджанова Раиса Черязданқызы ұйымдастырды. Спикерлер ретінде Оспанова Тоғжан, Зозуля Анастасия, Урасаев Ринат және Каун Эвелина қатысты.


Кездесу барысында қатысушылар қолөнер бағытын дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе және идеялармен алмасты, сондай-ақ болашақтағы қолөнер іс-шараларының тұжырымдамаларын қалыптастыру бойынша шығармашылық пікір алмасу жүргізді.

Бөлісу:

© 2026 Shygys Creative. Барлық құқықтар қорғалған.