«Shygys Madeniet Turnir» атты волейбол турнирі
Волейбольный турнир «Shygys Madeniet Turnir»

Шығыстың event-индустриясы өкілдері арасында волейболдан «Shygys Madeniet Turnir» жарысы өтті. Турнирді Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының креативті индустрияны дамыту бөлімі ұйымдастырды. Доп додасына 10 команда қатысып, өзара мықтыларды анықтады.
Турнир тек спорттық бәсеке ортасы ғана емес, сонымен қатар медиа - қауымдастық арасындағы қарым-қатынас пен өзара байланысты нығайтуға арналған алаңға айналды, дейді қатысушылар.
Турнирге қатысушылар жақсы дайындықпен келіп, жарысқа белсенді түрде қатысты. Спорттық шара өнер өкілдерінің жаңа қырынан танылуына мүмкіндік берді.
Жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынды ақындар құрамасы, ал екінші орын диджейлерге бұйырды, әншілер командасы турнир жеңімпазы атанды. «Shygys Madeniet Turnir» алдағы уақытта дәстүрлі түрде өтетін додаға айналмақ. Ұйымдастырушылар турнирді жыл сайын өткізіп, қатысушылар қатарын кеңейтуді жоспарлап отыр.
Среди представителей ивент-индустрии Восточного Казахстана прошёл волейбольный турнир «Shygys Madeniet Turnir». Турнир был организован отделом развития креативной индустрии Восточно-Казахстанской областной филармонии. В спортивном состязании приняли участие 10 команд, которые выявили сильнейших.
По словам участников, турнир стал не только ареной спортивной борьбы, но и площадкой для укрепления прямых связей и взаимодействия внутри медиасообщества.
Команды подошли к соревнованиям с энтузиазмом, проявив активность и старание. Турнир позволил представителям творческих профессий раскрыться с новой стороны.
По итогам соревнований третье место заняла команда поэтов, второе — команда диджеев, а победителем стала команда певцов. Турнир «Shygys Madeniet Turnir» планируется сделать ежегодным. Организаторы намерены проводить его на постоянной основе и расширять круг участников.