Ақтан Нұрбаев атындағы облыстық ақындар мектебінің ашылуы
Открытие областной школы акынов имени Актана Нурбаева

Алтайдың арда ұлы, қазақтың классик жазушысы Қалихан Ысқақтың 90 жылдығы мен сара сөздің шебері Дидахмет Әшімханұлының 75 жылдық мерейтойлары аясында облыста маңызды рухани шаралар ұйымдастырылуда.
Соның бірі – облыста белгілі айтыскер ақын, Катонқарағайдың талантты тумасы Ақтан Нұрбаев атындағы облыстық ақындар мектебінің ашылуы.
Ақындар мектебінің ашылуына қазақ айтысының қара нары, ақын, қоғам қайраткері Жүрсін Ерман бастаған ел ағалары қатысты. Салтанатты шарада сондай-ақ Парламент Мәжілісінің депутаты, айтыскер ақын Аманжол Әлтай, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Ұлықбек Есдәулет, белгілі публицист Әлібек Қаңтарбаев, республикамызға танымал айтыскерлер Серікзат Дүйсенғазы, Жанарбек Әшімжан, Дәулет Сметов, Абаш Кәкенов, сондай-ақ Ақтан ақынның ұрпақтары, зиялы қауым өкілдері болды.
Облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен ашылған ақындар мектебі Өскемен және облыс көлеміндегі ақындыққа бейім жастарды суырыпсалма өнерге баулып, поэзия мен мәнерлеп оқуға машықтандыруды, сондай-ақ жас таланттарға шығармашылық бағыт-бағдар беруді мақсат етеді.
Ақындар мектебі А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында орналасқан.
В рамках празднования 90-летия со дня рождения классика казахской литературы, выдающегося сына Алтая — Калихана Ыскака и 75-летнего юбилея мастера публицистического слова Дидахмета Ашимханулы в области проводятся значимые духовные мероприятия.
Одним из них стало открытие областной школы акынов имени Актана Нурбаева — известного айтыс-акына, талантливого уроженца Катонкарагайского района.
На церемонии открытия присутствовали уважаемые общественные деятели, в том числе один из патриархов казахского айтыса, акын, общественный деятель Журсин Ерман. Также в торжественном мероприятии приняли участие депутат Мажилиса Парламента, айтыскер Аманжол Алтай, лауреат Государственной премии, поэт Улыкбек Есдаулет, известный публицист Алибек Кантербаев, а также широко известные в республике акыны-айтыскеры Серикзат Дуйсенгазы, Жанарбек Ашимжан, Даулет Сметов, Абаш Какенов, потомки Актана Нурбаева и представители интеллигенции.
Школа акынов, открытая по инициативе областного управления культуры, ставит своей целью обучение одарённой молодежи из Усть-Каменогорска и районов области устному импровизационному искусству, развитие навыков поэтического и выразительного чтения, а также творческое наставничество молодых талантов.
Школа расположена в Восточно-Казахстанской областной библиотеке имени А.С. Пушкина.