«Таңдау»: өмірді өзгертетін таңдау
Бүгін, 12:42
Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының сахнасында Samga даму орталығының әлеуметтік спектаклі өтті

6 сәуір күні Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында жергілікті креатор Әлия Көңілхан мен «Samga» даму орталығы ұсынған «Таңдау» спектаклінің көрсетілімі өтті.
Нашақорлыққа қарсы бағытталған бұл спектакль маңызды әлеуметтік мәселелерді көтеріп, теріс өмірлік таңдаулардың қандай салдарға әкелуі мүмкін екенін көрсетеді.
Біз салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жастардың дамуына және қоғамның мәдени құндылықтарын нығайтуға ықпал ететін осындай бастамаларды қолдауға қуаныштымыз.