«Бұқтырма балықшысы – 2026»: Алтай ауданында республикалық мұз үсті балық аулау фестивалі өтті

1 наурыз 2026, 06:20

2026 жылғы 1 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Октябрьский кентінде Бұқтырма балықшысы – 2026 II республикалық мұз үсті балық аулау фестивалі жоғары деңгейде өтті.

«Бұқтырма балықшысы – 2026»: Алтай ауданында республикалық мұз үсті балық аулау фестивалі өтті

2026 жылғы 1 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Октябрьский кентінде Бұқтырма балықшысы – 2026 II республикалық мұз үсті балық аулау фестивалі жоғары деңгейде өтті. Ауқымды шара көктемгі маусымның маңызды оқиғасына айналып, спорт пен белсенді демалысты, ұлттық дәстүрлерді дәріптейтін көпшіліктің басын қосты.

Фестивальдің негізгі мақсаты – өңірдегі ішкі және оқиғалы туризмді дамыту, балық аулау спортын насихаттау, сондай-ақ отбасылық демалысқа қолайлы жағдай жасау және Шығыс Қазақстанды қысқы белсенді демалыс орталығы ретінде таныту.

Негізгі тартысты кезең – мұз үсті балық аулау бойынша жарыстар болды. Қатысушылар жоғары кәсіби дайындықтарын көрсетіп, жүлде қоры 1 400 000 теңгені құрады.

Жарыс қорытындысы бойынша:

  • 1 орын – Иванов Роман Валерьевич (500 000 теңге)

  • 2 орын – Карпенко Владимир Петрович (400 000 теңге)

  • 3 орын – Нурмуханбетов Айкын Шамшарканович (300 000 теңге)

  • «Үздік әйел балықшы» – Сламихина Ирина Евгеньевна (100 000 теңге)

  • «BIG FISH» номинациясы – Теміргалиев Ғали Кумарулы (100 000 теңге)

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, медальдар, қаржылай сертификаттар және облыс әкімінің атынан алғыс хаттар табысталды.

Қонақтар үшін әуе шарымен көтерілу, қарда жүретін көліктермен серуендеу, ат және хаски жегілген шанамен қыдыру, садақ ату сияқты белсенді демалыс түрлері ұйымдастырылды.

Жағалауда «Ауыл дәмі» жәрмеңкесі өтіп, жылы киіз үйлер тігіліп, ерекше қонақжай атмосфера қалыптасты.

Мерекелік концерттік бағдарламаның көркін Еркін Нұржанов, кубалық Umberto Project тобы және танымал блогер Алға Петербург қыздырды.

Фестиваль Алтай ауданының туристік әлеуетін арттырып, республика көлеміндегі маңызды мәдени-спорттық оқиға ретінде өз орнын нығайтты.

Бөлісу:

© 2026 Shygys Creative. Барлық құқықтар қорғалған.