Түстер мен фактура үйлесімі: Shygys Creative Hub-та майлы пастель бойынша шеберлік сабағы өтті
Shygys Creative Hub орталығында «Жемістерден құралған натюрморт» тақырыбында майлы пастель техникасына арналған екі сағаттық шеберлік сабағы өтті.

Shygys Creative Hub орталығында «Жемістерден құралған натюрморт» тақырыбында майлы пастель техникасына арналған екі сағаттық шеберлік сабағы өтті. Бағдарлама теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды.
Хаб резиденті Елена Белованың жетекшілігімен қатысушылар композиция құрудың негіздерімен, жарық пен көлеңкені берудің қыр-сырларымен және майлы пастельмен жұмыс істеу ерекшеліктерімен танысты. Шығармашылыққа толы атмосферада әр қатысушы өз қолтаңбасын қалыптастырып, жеке натюрмортын салды.
Шеберлік сабағы өнерге қызығушылық танытқан жандарды біріктіріп, тәжірибе алмасу мен шығармашылық дамуға мүмкіндік берді.