Қалаға шабыт сыйлаған өнер: Өскеменде шығармашылық көрме ашылды

12 ақпан 2026, 05:55

12 ақпанда Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы базасында қаламыздың талантты креаторлары — Наталья Краснобаева мен Людмила Кимнің көркемөнер көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

Көрмеге қойылған туындылар авторлардың өзіндік қолтаңбасын, ерекше шығармашылық көзқарасын айқын көрсетті. Әрбір картина көрерменмен сырласқандай әсер қалдырып, табиғат сұлулығы, жан дүниенің үйлесімі мен шабыт тақырыптарын терең жеткізді.

Көрме ашылуына шығармашылық орта өкілдері, өнерсүйер қауым мен қала тұрғындары қатысты. Қонақтар ұсынылған жұмыстардың жоғары деңгейін атап өтіп, шараның ерекше жылы атмосферасын жоғары бағалады.

Аталған көрме өңірдің мәдени өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі болып, креативті индустрияның қарқынды дамып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Бөлісу:

© 2026 Shygys Creative. Барлық құқықтар қорғалған.