Креаторлар мен кәсіпкерлерге арналған бірегей мастер-класс
Қаржы туралы — қарапайым әрі түсінікті

Құрметті креаторлар, кәсіпкерлер және қаламыз бен облысымыздың тұрғындары!
4 желтоқсан күні сағат 19:00-де «Шығыс Creative Hub» креативті индустриясын дамыту бөлімі ғимаратында (бұрынғы «Неке сарайы») қалалық және облыстық креаторлардың «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы креативті индустрияны дамыту кеңесінің төрайымы әрі біздің резидентіміз — Әсем Смаиловамен кездесуі өтеді.
Мастер-класс барысында спикер отбасылық бюджетті тиімді басқару, несиелерді жабу және жақындарыңызды алаяқтардан қорғау туралы айтып береді. Бұл ақпарат әрбір адамға пайдалы болмақ.
Сонымен қатар, қатысушылар өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған салық заңнамасындағы өзгерістер туралы өзекті мәлімет алады — бұл креаторларымыздың ЖК ашпаған болса да, өз қызметін сенімді жалғастыруына көмектеседі.
Қосылыңыздар!
Мекенжай: Сәтпаев даңғылы, 88/2.
Өтетін уақыты: 4 желтоқсан, сағат 19:00.