«Изумрудты қала» – жазушының туған жерінде!
Біздің креатор Татьяна Карпович Александр Волковқа арналған іс-шараларға қатысты.

11–12 қараша аралығында біздің креатор әрі «Изумрудный город» ҚҚ директоры Татьяна Карпович Томск қаласында өткен салтанатты іс-шараларға қатысты. Шаралар А.М. Волков 1907-1910 ж.ж. оқыған ТМПУ ғимаратына мемориалдық тақта орнатуға арналды. Ашылу рәсіміне жазушының немересі Калерия Вивиановна Волкова отбасы мүшелерімен, сондай-ақ қала әкімдігі мен серіктес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Мемориалдық тақтаны ашу рәсімінен кейін «Изумрудное кольцо А.М. Волкова» атты дөңгелек үстел өтті. Онда жазушының 135 жылдығын мерекелеу жоспарлары талқыланды. Өз баяндамасында Татьяна Карпович Өскемен қаласында Волков мұрасын сақтау бағытында Қор атқарып жатқан жұмыстар туралы айтып, «Мост дружбы “Изумрудный город”» халықаралық жобасын таныстырды. Болашақ бастамалардың қатарында — «Изумрудное Кольцо Восточного Казахстана» әдеби-туристік маршрутын құру бар.
Сапардың маңызды нәтижелерінің бірі — кәсіби байланыстардың нығаюы: ТМПУ жазушының бірегей архивін қабылдап алды, ал А.М. Волков атындағы Ғылыми кітапхана мен Өскемен қаласы арасында достық кітапханалық әріптестік орнатылды. Бұл сапар жаңа ынтымақтастық көкжиектерін ашып, Волков мұрасының қалаларды біріктіріп, ортақ бастамаларға шабыттандыратынын тағы бір мәрте дәлелдеді.