МЕАП-START форумы: креативті индустрияның жаңа серпіні!
10 қараша 2025, 04:54
Шабытқа толы, жаңа таныстықтар мен кәсіби өсуге мүмкіндік сыйлаған ерекше күн

9 қараша күні Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының алаңында өткен МЕАП-START форумы аймақ креаторлары үшін жарқын оқиға болды! 💡
Жобаның негізін қалаушы — Станислав Владимирович Цих, шабыт беруші және идеялық көшбасшы, шығармашыл және жаңашыл тұлғаларды ортақ мақсатта біріктіріп жүрген тұлға.
Форум аясында тәжірибе мен идея алмасуға арналған диалог алаңы құрылып, панельдік сессия, қолөнер жәрмеңкесі және көрме өтті. Көрме ШҚО филармониясының креативті индустрияны дамыту бөлімімен бірлесе ұйымдастырылды.
Бұл күн — шабытқа толы, жаңа таныстықтар мен кәсіби өсуге мүмкіндік сыйлаған ерекше күн болды!