MAXIMALL сауда үйінде Республика күні аталып өтті

10 қараша 2025, 04:36

Бірлік пен мәдени мұра мерекесі Өскеменде

MAXIMALL сауда үйінде Республика күні аталып өтті

Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының бастамасымен MAXIMALL сауда үйінде Республика күніне арналған мерекелік бағдарлама өтті.

 Салтанатты бөлімді ұлттық киімдер шеруі ашты. Қатысушылар дәстүрлі киім киіп, «Елім менің» әнін орындап, орталық аумағын аралап өтті. Бұл көрініс ұрпақтар сабақтастығы мен ел мәдениетіне деген құрметтің айқын белгісі болды.

 

Мерекелік көңіл-күйді «Байжігіт» халық аспаптар оркестрі, «Alem Sazy» вокалды-аспапты ансамблі, би студиялары және қалалық шығармашылық ұжымдар жалғастырды. Ән мен күй, ұлттық би мен халық әуені бірліктің және отансүйгіштіктің рухын сездірді.

 

Бағдарламаның қорытындысы ретінде «Елімнің еркін рухы» атты көрме ұйымдастырылып, онда отандық суретшілердің егемен еліміздің тарихы мен сұлулығын бейнелейтін туындылары қойылды.

 

Бұл шара ұлттық дәстүр мен мәдени мұраның маңыздылығын айшықтап, өңір тұрғындарын рухани біріктірген мерекелік оқиға болды.

Бөлісу:

© 2025 Shygys Creative. Барлық құқықтар қорғалған.