Қазақстан халқының тілдері күні
10 қараша 2025, 04:30
Концерт және интеллектуалдық ойындар

2025 жылғы 5 қыркүйекте Өскемен қаласында креативті индустрияны дамыту аясында ШҚО мәдениет басқармасы және облыстық филармонияның қолдауымен Қазақстан халқы Тілдері күніне, Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне және ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған ерекше мәдени шара өтті.
Бағдарламада филармония өнерпаздарының концерті, этно-жәрмеңке, интерактивтік ойындар мен әдеби-көрмелік экспозициялар ұсынылды.
Сонымен қатар, еліміздің әр түкпірінен және ШҚО аудандарынан келген командалардың қатысуымен дәстүрлі Oskemen Quiz ойындарының жаңа маусымының ашылуы ұйымдастырылды.