
Біз туралы
Миссия мен мақсаттар туралы жалпы ақпарат
Shygys Creative Hub – бұл Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы негізінде құрылған креативті индустрияны дамытуға бағытталған бөлімше. Біздің миссиямыз – креаторларды қолдау және олардың кәсіби өсуіне жағдай жасау. Біз шығармашылықты өңірдің мәдени және экономикалық дамуына ресурсқа айналдыратын кеңістік құрамыз.
Креаторларға біз резиденттік бағдарламаларға қатысу, сауда және көрме алаңдарына қол жеткізу, өз жобаларын өңірлік және республикалық деңгейдегі іс-шараларда таныстыру мүмкіндігін ұсынамыз. Хаб бизнес, мемлекеттік құрылымдар және қауымдастықтармен белсенді түрде жұмыс істей отырып, адамдарды, идеяларды және ресурстарды біріктіреді.
Shygys Creative Hub – бізбен бірге дамуға, тәжірибесімен бөлісуге ниетті барлық адамдар үшін ашық.
Біздің мекенжайларымыз:
Кеңсеміз: ШҚО филармониясы, Протозанов көшесі, 43, 110-кабинет
Шеберлік сабақтары мен креаторлардың басқа да іс-шараларына арналған кеңістік: Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы, Қазақстан көшесі, 63
Креаторлардың өнімдерін сатып алу орны: «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы, Жібек Жолы көшесі, 44, к1 (демалыс күндері)
Неліктен біз?
Біздің миссия мен мақсаттар
Аймақтағы креативті индустрияны дамыту, жас таланттарды қолдау және шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға арналған платформа құру.
Креативті бастамаларды үйлестіру
Креативті бастамалар мен жобаларды үйлестіру.
Әдістемелік және ақпараттық қолдау
Креативті индустрия өкілдеріне әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсету.
Іс-шараларды ұйымдастыру
Арт-кеңістіктерді, шеберлік сабақтарын, көрмелерді, форумдар мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру.
Шығармашылық әлеуетті арттыру
Аймақтың шығармашылық әлеуетін арттыру және жергілікті мәдени өнімді ілгерілету.