Креаторларды қолдау
Shygys Creative Hub – Шығыс Қазақстандағы шығармашылық адамдарын біріктіретін орта. Мұнда олар өз идеяларын жүзеге асыруға арналған алаңдарға, дамуға қажетті құралдарға және ілгерілету мүмкіндіктеріне ие болады. Креаторлар мұнда қолдау табады, серіктестермен танысады және өсуге арналған кеңістікке қол жеткізеді.
Іс-шаралар мен жобалар
Біз аймақтың мәдени күн тәртібін қалыптастыратын іс-шаралар, фестивальдер мен байқауларды ұйымдастыруға көмектесеміз. Біздің жобаларға қатысу кең аудиторияға жол ашады және креативті индустрия нарығында өзін танытуға мүмкіндік береді.
Қауымдастық пен резиденттік
Біздің хаб – қарым-қатынас пен ынтымақтастыққа ашық орта. Біз резиденттік бағдарламаны дамытып, креаторлар тәжірибе, идея және ресурстармен бөлісе алатын қауымдастық құрып келеміз.
Актуалды жаңалықтар
Барлық жаңалықтарды қарау
Другие: поэзия мен театр тоғысқан кеш
28 ақпан күні қаламызда тәуелсіз «Другие» театрының поэзиялық кеші өтті. Шара заманауи поэзия мен театр өнерін тоғыстырған ерекше мәдени оқиғаға айналды.
28 ақпан 2026, 09:37

«Бұқтырма балықшысы – 2026»: Алтай ауданында республикалық мұз үсті балық аулау фестивалі өтті
2026 жылғы 1 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Октябрьский кентінде Бұқтырма балықшысы – 2026 II республикалық мұз үсті балық аулау фестивалі жоғары деңгейде өтті.
1 наурыз 2026, 06:20

Түстер мен фактура үйлесімі: Shygys Creative Hub-та майлы пастель бойынша шеберлік сабағы өтті
Shygys Creative Hub орталығында «Жемістерден құралған натюрморт» тақырыбында майлы пастель техникасына арналған екі сағаттық шеберлік сабағы өтті.
14 ақпан 2026, 06:14
FAQ
Негізгі сұрақтар
Shygys Creative Hub дегеніміз не?
Shygys Creative Hub — бұл медиа, дизайн, музыка, хореография, технология және білім саласындағы талантты адамдарға арналған кеңістік. Біз креативті жобаларды қолдаймыз, іс-шаралар ұйымдастырамыз және өңірдегі индустрияның дамуына ықпал етеміз.


